Жер төсемесінің құрылымдық қабаттары және олардын орналасуы

Бүгiнде қолданылып жүрген автомобиль жолдарының жол төсемелерi көп қабатты жүйе болып келедi, яғни жол төсемесi бiрнеше (екi, үш, төрт немесе одан да көп) құрылымдық қабаттан тұрады. Инженерлiк тәжірибеде төмендегiдей қабаттардың аттарын жеке бөлiп атауға болады.

Жамылғы – автомобиль дөңгелегiнiң әсерiн қабылдап, оны төменгi жатқан қабаттарға беретiн, сондай-ақ, атмосфералық (табиғи-климаттық) әсерлердi де қабылдайтын жол төсемесiнiң ең жоғарғы қабаты. Жамылғы берiк, тегiс, кедiр-бұдыр болуы керек. Ол, сондай-ақ, жоғарғы оң температураларда пластикалық деформацияларға, жарылуға тұрақты, қажеттi пайдалану сапасын қамтамасыз етуi тиiс. Тозуға тұрақтылық та оған қойылатын қатаң талаптардың бiрi болып табылады және ол барынша су өткiзбегенi дұрыс.

Жамылғының құрамына кейде қосымша қабаттар кiредi. Мысалы, қорғаныс қабаты, тозу қабаты.

Негiз – жамылғымен бiрге түскен кұштi кемiтiп, оны қосымша қабаттарға немесе жер төсемесiнiң топырағына беретiн жол төсемесiнiң берiк бөлiгi. Негiз өз алдына бiрнеше қабаттан тұруы мүмкүн. Оның бiртұтас (монолит) қабаттары иiлудегi созылуға байланыспаған қабаттары ығысуға жеткiлiктi шамада қарсыласа алу керек. Негiздiң жоғарғы қабаттарын томенгi қабаттарындағыларға қарағанда берiктiгi жоғары материалдардан жасайды. Ол материалдар, сондай-ақ барынша аязға төзiмдi (тұрақты), су өткiзбейтiн болуы керек.

Негiздiң қосымша қабаттары – табиғи-климаттық және топырақтық-гидрологиялық жағдайлары қолайсыз жол бөлiктерiндегi негiз бен жер төсемесiнiң топырағының арасында орналастырылатын жол төсемесiнiң қосымша қабаттары.

Негiздiң қосымша қабаттары негiз бен жамылғымен бiрге құрылымның аязға төзiмдiлiгiн, құрғатуын қамтамасыз етiп, қымбат материалдардан тұратын жол төсемесiнiң жалпы қалыңдығын азайтуға мүмкiндiк беруге тиiс. Басты атқаратын маңыздарына қарай негiздiң қосымша қабаттары аяздан қорғаушы, жылу-изоляциялық және құрғатушы қабаттар деп аталады. Қосымша қабаттарға, сондай-ақ, су және бу-изоляциялық, капиллярды үзетiн, кептелуге қарсы қабаттар да жатқызылады.



Қосымша қабаттар түрлi материалдардан – табиғи қалпындағы немесе тұтқырғыштармен бекiтiлген құм, басқа да тас материалдардан жасалынады. Мәнгi тоң топырақты және тәбиғи жағдайлары қолайсыз аудандарда жоғары сапалы жылу-изоляциялық материалдардан жылу-изоляциялық қабаттар орналастырылады. Практикада кеңiнен қолданып материалдардың тiзiмi мен олардың сипаттамаларының есептiк мәндерi 1.3- кестеде келтiрiлген. Ал 1.1 – кестеде жол төсемелерi мен жамылғылардың бөлiнуi көрсетiлген.

Жер төсемесiнiң топырағы (астындағы топырақ) – үйiндi немесе ойық түрiнде жасалған жер төсемесiнiң жоғарғы жағында қажеттi мөлшерде тығыздалып, ұқыпты тегiстелiп орналастырылған топырақтар. Жол төсемесi жер төсемесiнiң үстiнде орналасатындықтан жол төсемесi арқылы өтетiн жылжымалы күштердiң кернеулерi жер төсемесiне келiп сөнедi. Жер төсемесiнiң активтi деп аталатын бөлiгiнде үлкен мәндi кернеулер мен деформациялар болады. Көптеген теориялық және тәжiрбиелiк зерттеулердiң нәтижелерi жер төсемесi топырағының активтi бөлiгiнiң қалыңдығы 1,8-2,0 м-ге дейiн жететiндiгi көрсетедi. Жол төсемесi негiзiнiң төменiнен бастап саналатын осы тереңдiкке дейiнгi топырақ бөлiгiнде ылғалдану процессiнiң де маңызы күрделi (уақыт бойынша тез өзгермелi) болады.



Жер төсемесiнiң топырағына қойылатын талаптар өте қатал. Сол себептi ол СН РК 2.03.09-2003 «Автомобиль жолдары» нормативтiк құжатының талаптарын қанағаттандыруға тиiс.

Жер төсемесiнiң топырағына пластикалық деформациялар болмауы керек. Сондықтан ол белгiлi бiр дәрежеде ығысуға кез-келген нүктесiнде қарсыласу тепе-теңдiгiн қамтамасыз етуге тиiс.

Жер төсемесiн жобалау жол төсемесiмен бiрге жүргiзiледi. Осындай кешендiк (жиынтық) жобалау нәтижесiнде ғана сапалы, әрi сенiмдi жол бөлiгiн салуға болады.

1.1кесте


4357313085524458.html
4357408543691352.html
    PR.RU™